Келес ауданында 83 елді мекеннің 63-і сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген. Қалған елді мекендер атап айтқанда14 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттары (ЖСҚ) әзірленген. Атап айтар болсақ, олар Ақтөбе ауыл округіндегі Қуған, Қияжол, Ғ.Мурабаев, Ақжар, Қаратөбе, Көкбұлақ, Қызыләскер, Көгерту елді мекендері, Алпамыс батыр ауыл округіндегі Ақжол, Қауыншы елді мекендері, Бірлікауыл округіндегі Бірлік, Үшағаш, Жанатіршілік елді мекендері, Жүзімдік ауыл округіндегі Ақсу (Штаб канал)елді мекен.
Одан бөлек 4 елді мекенің ішкі көшелерінің жекелеп бөлігіне сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленген, атап айтқанда, олар Біртілек ауыл округіндегі Дмитров, Игілік елді мекенінде жаңадан берілетін жер телімдері, Көлтоған елді мекендерінің ішкі көшелері.
1 елді мекен СЖТ әзірлеуді қажет етеді. Ол — Бірлік ауыл округіне қарасты Қосөткел елді мекені. Былтырауданда елді мекен санына шаққанда электрмен қаматамасыз ету 75,9 пайызды құрады. Алдыңғы жылы құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп аяқталып, қабылданған 4 нысан бар. Атап айтар болсақ, олар Ошақты ауыл округіндегі Ошақты, Ақтөбе ауыл округіндегі Бозсу, Ескіқорған, Жаңадәуір, Жуантөбе, М.Горький елді мекендері.
Қазір өңірде 2021 жылдан 2022 жылға өтпелі 3 нысанның құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, біріншісі — «Сарыағаш 220/110/10 кВ «Қызыләскер» қосалқы стансасынын құрылысы», екіншісі — «ОҚО Шардара және Мақтарал аудандарын электрмен жабдықтау үшін Сарыағаш ауданында «Қызыләскер» 220/110/10 кВ ҚС-тан екі 110 кВ ӘЖ салу», үшіншісі «Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай елді мекеніне инфрақұрылым(электрмен қамту) құрылысы».
Былтыр Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген болатын. Қазір өңірде осы бағытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылы ауданда бірқатар елді мекенге республикалық бюджеттентиісті қаржысы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізу жоспарланған. Аталған жұмыстар Бірлік ауыл округіндегі Бірлік елді мекенінде, Абай ауылы ішкі көшелерінде, Ақтөбе ауыл округіне қарасты Ақжар, Ғ.Мұратбаев, Қаратөбе, Көкбұлақ елді мекендерінде атқарылатын болады.
Жалпы облыс аумағындағы 831 елді мекеннің 815-і орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған шалғайдағы 16 елдімекен дербес электр қондырғыларын пайдалануда. Биыл 40 нысанның құрылысын аяқтап, 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғынды сапалы электр қуатымен қамту көзделіп отыр.